Әдетте мектептегі белгілі бір жағдайларға байланысты туындаған мәселелерде мұғалімдері көбіне «ата-аналар өз құқықтары мен міндеттерін білмейді» деп жатады. Жалпы, оқушылардың ата-аналарының қандай құқықтары мен міндеттері бар?
Гүлбану НҰРБЕКҚЫЗЫ, Алматы облысы
Еліміздің білім беру саласында мұғалімдер мен оқушыларға қатысты талап-ережелерден бөлек, ата-аналарға да қатысты ережелер бекітілген.
Оқушылардың ата-аналарының құқықтары:
– өзінің баласының оқуы жөнінде кез келген хабар алу;
– мұғалімнің келісімімен сабаққа қатысу және сабақ нәтижелерін талқылау;
– өзінің баласы қатысатың мектептің кез келген іс-шарасына қатысу;
– білім беру мен тәрбиенің тиісті сапасын талап ету;
– оқушы денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ тиісті білім мен тәрбие деңгейін ала алмауына байланысты залалды өтеуді талап ету.
Міндеттері:
– мектеппен жасаған шартты орындау;
– мектеп жарғысындағы талаптарды орындау;
– балаларға оқу мен өміріне қауіпсіз жағдай жасау, әлеуметтік өсуін, білімділігінің дамуын қамтамасыз ету;
– 5 жастан мектепке дайындығын қамтамасыз ету, 6 жастан жалпы білім беру мектебіне жазу;
– білім беру ұйымдарымен қарым-қатынаста болу;
– баланың сабақтан және мектептегі қосымша іс-шаралардан қалмауын қамтамасыз ету.
Оқушының ата-анасы нені білуге тиіс?
Последние статьи автора