ОПЕК жайлы жиі естимін. Бұл ұйымнан кейбір мемлекеттер шығып жатса, кейде қайта мүше болып жатады. Жалпы, мұнай экспорттаушы елдердің ұйымына қанша мемлекет мүше болып табылады?
Эльмира Ғабитова, Алматы
ОПЕК әлемдегі мұнайлы державалардың бастамасымен қара алтынның құнын тұрақтандыру үшін 1960 жылы Ирактың астанасы Бағдад қаласында құрылды. Алғашында бастамашы топта бес мемлекет (Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэла) ғана болды. Қазір бұл мемлекеттердің қатарына Катар, Ливия, БАӘ, Алжир, Нигерия, Эквадор және Ангола елдері қосылып, жалпы саны 12-ге дейін жетті. Ұйым құрамынан Габон 1994 жылы шығып кетті. Дәл осындай жағдай 1992 жылы Эквадордың да басында болғанмен, оңтүстікамерикалық ел 2007 жылы қайта мүшелікке өтті. ОПЕК-тің штаб-пәтері алғашқы бес жыл Швейцарияның Женева қаласында болғанымен, 1965 жылдың күзінде Австрия астанасы Вена қаласына көшірілді. Себебі аталған ұйымның орталығы бейтарап елде болуға тиіс.
ОПЕК-тің орталығы бейтарап елде орналасқан
Последние статьи автора