Оңтүстіктегі ескерткіштердің аталып жүрген саны дұрыс па?

Оңтүстіктегі ескерткіштердің аталып жүрген саны дұрыс па?

Қазақ даласындағы тарихи ескерткіштерге қатысты қазір көп айтылып жүр. Тіпті «олардың нақты саны да жоқ» дегенді естідім. Мен Оңтүстік Қазақстандағы ескерткіштердің саны жайлы білгім келеді және сол тарихи құндылықтар жайлы кітаптар бар ма, жәдігерлерімізді мемлекет қорғай ма?
Күнболат Саламатов,
Алматы облысы
Сұраққа тарих ғылымының докторы Мадияр Елеуов жауап береді:
– Біз Қазақстанда қанша археологиялық қазба жұмысы жүргізілгенін білмейміз. Мәде­ниет басқар­ма­ларының қызметкерлері «менің облысымда пә­лен ескерткіш бар» деп айта алмайды. Мысалы, 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ескерткіштер жинағы шыққан. Ол жинақта Оңтүстік Қазақ­стан облысы бойынша 528 археологиялық ес­керткіш бар делінген. Оның ішінде «Түркістанда – 35 ес­керткіш, Түлкі­бас ауданында 31 ескерткіш бар» деген мәлі­мет­ті көруге болады. Бұл – қате. 2002-2003 жыл­дары төрт ай бойы зерттеу жұмыс­тары жүргізілді. Сөйтіп, «Мәдени мұра» басталған 2004 жылы алғаш рет Түркістан ауданының ар­хео­ло­гиялық ескерткіштер жинағы шықты. Сон­да 35 емес, ауданда 200-ден астам ескерткіш бар екендігі анықталған. Біз облыс көлемін білмейміз. «Мәдени мұраның» кешеуілдеп жатқан жағы – бұл облыс­тардағы ескерткіштердің есебін алу.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста