Болашақта үнділердің саны қытайлықтардан асып түсетіні айтылады. Бұл шамамен қай жылдары көрініс беретін құбылыс?
Дархан, Алматы
АҚШ-тың «Халық саны» бюросы жасаған есепке жүгінсек, 2050 жылы әлемдегі халық саны ең көп ел Үндістан болады. Олар шамамен 2025 жылы Қытайды басып озады. Халық саны бойынша Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынға 423 млн халқымен АҚШ (2010 жылы – 308 млн) орналасуы мүмкін. Посткеңестік кеңістіктегі халық саны ең көп мемлекет болып саналатын көрші Ресей қазір халық саны бойынша әлемде 10-орында тұрса, 2050 жылы 17-орынға ығысады. Сол секілді Жапония мемлекеті де 9-орыннан 16-орынға төмендейді. Ал Еуропаның халық саны қазіргі шамада қалады. Дегенмен ол – табиғи өсу құбылысы бойынша емес, мигранттардың көптеп қоныс аударуынан сақталып қалатын көрсеткіш. Мамандар біршама жылдан кейін батысеуропалықтар, әсіресе Испания мен Италияда табиғи өсім бойынша жергілікті тұрғындар саны арта бастайды деп болжайды. Африкалық Нигерия мен Эфиопияның халық саны тым қарқынды көрсеткішпен артады.
Он жылдан кейін үнділер қытаймен теңеседі
Последние статьи автора