Өмірдің 15 ережесі

Әр адам өз өмірінің иесі. Әркім өз тағдырын жасаушы. Әр пенде өз жан дүниесінің капитаны. Кейде өміріміз басқа арнаға бұрылып кеткендей есеңгіреп қалып жатамыз. Біз өз өмірімізді өзіміз басқара алмасақ, құрдымға кетуіміз ықтимал. Білсек те орындай алмай жүрген өмірдің кейбір ережелері бар. Бұл ережелерді оқып, өз өміріңізді қолға алсаңыз болады.

1. Жақындасу қиын, ал айырылысудың тым оңай екенін есіңізде сақтаңыз.

2. Ішімдіксіз қуанып, есірткісіз армандап, интернетсіз қарым-қатынаста болып, шылымсыз мазасызданып үйреніңіз.

3. Тұрған жеріңіз өзіңізге ұнамаса, ауыстырыңыз. Сіз ағаш емессіз.

4. Еш уақытта адамдарға өз қиындықтарыңызды айтпауға тырысыңыз. Шындығына келгенде, оларға сіздің қиындығыңыз қызық емес.

5. Сізде міндетті түрде арман болуы тиіс. Бұл сізге таңертең тұруға көмектеседі. Арманыңыз аласа болмасын!

6. Дұрыс жауапты қателесу арқылы тапқаныңызға еш өкінбеңіз. Өйткені, барлық адам қателеседі.

7. Бұл өмірде адамдарға көп сенім артпаңыз. Көлеңкеңіздің өзі қараңғы болған кезде жоқ болып кетеді.

8. Бүгін өзге адамдар жасай алмайтынды жасаңыз, сонда ертең олар жете алмаған жетістікке жетесіз.

9. Жанында жүрген кезде өзіңізді барынша еркін ұстай алатын адамды жолықтырсаңыз, оны ауадай бағалаңыз. Себебі, мұндай адамдар таптырмайды.

10. Өзіңізде болмаған затқа қол жеткізгіңіз келсе, бұрын-соңды айналыспаған іспен айналысуыңызға тура келеді.

11. Бай болсаңыз, ол туралы ойламаңыз, ал кедейлігіңізді мүлдем көңілге алмаңыз. Өмір қойылым секілді. Барлығы – өткінші.

12. Қалауыңызға сәйкес іспен айналыссаңыз өмір бойы демалып өтесіз.

13. Ешкімге тәуелді болмасаңыз, көңіліңізді ешкім де қалдыра алмайды. Өзіңізді еркін сезініңіз.

14. Жаныңызда тек ұлы мақсаттарға жетелейтін адамдар болсын.

15. Өзіңіз қалаған іспен айналысыңыз. Ал жұрттың сіз туралы пікірі өмір бойы тоқтаусыз айтылады.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста