Қызын ұзатқан үй «өлтірі» беріп жатады. Осы салттың мәні қандай?
Мәди БАЯНБАЙ, Қарағанды қаласы
Қазақтың «өлтірі» деп аталатын бұл салтының мағынасы тереңде жатыр. Бұл құдаласқалы тұрған қыз бен жігіт жағының өлі аруақтар мен тірі ағайынның алдында мыңжылдық құда болуға ант етеміз деген ізгі ниетін білдіреді. Жігіттің жұрты әкелетін мал жоғарыдағы уәдеге арнайы сойылады.
Тағы бір айтарлығы, әлгі «өлтірі» малын бауыздау, союды қыз жақ пен жігіт жақ, яғни қарсы құдалардың қатарынан емес, тілеулес дос-жаран, көршілердің бірі қолға алады. Өйткені екі жақтың анты үшін таңда-махшарда куә керек.
Өлтірі тойы өтіп болған соң екі жақ бір-бірімен Алла алдында да, жұртшылық алдында да құда деп танылады.
Өлтірі деген не?
Последние статьи автора