Ол мектеп қазір жалғыз емес

«Кезінде Алматы қаласында жалғыз қазақ мектебі болған» дегенді жиі естиміз. Осы мектеп жайында қысқаша мағлұмат берсеңіздер.
Гүлзира,
Қызылорда қаласы
Алматыдағы №12 көп салалы гимназия рес­публикадағы алғашқы зиялы қазақ мек­тебі болып саналады. Ол өзінің бастауын 1921 жылғы Абай атындағы жетім балалар үйі­нен алады. Мектеп әуелі – бастауыш, одан кейін жеті жылдық мектеп болған. 1924 жы­лы 22 қазанда, Жетісу облыстық Халық ағар­­ту комиссариаты инспекциясының 1923 жылғы 24 наурыздағы №30 бұй­ры­ғы­на сәйкес, Алматының тоғыз жылдық Абай атындағы №8 қырғыз (қазақ) мектебі бо­лып құрылды. Тұрақты мекенжайы бол­ма­ған­дықтан, мектеп тоғыз рет орын ауыстырған.
Мектептің атын оның даңқты түлектері шығарып келеді. Олар: алғашқы КСРО Ха­лық артисі Күләш Байсейітова, алғашқы қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев, сазгерлер Нұр­ғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Әсет Бейсеуов, Мансұр Сағатов, акаде­мик­тер Орынбек Жәутіков, Болат Жұбанов, Шора Сарыбаев т.б. Мектептің бітірушілері ара­сынан 20-дан астам академик, 300-ге тарта ғы­лым докторы шыққан.
1971-1985 жылдарда мектепті Со­циалистік Еңбек Ері Рафиқа Бекенқызы Нұр­та­зина басқарды. 1972 жылдан бастап тұң­ғыш рет республика мектептерінің ішінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыта бастады. 1994 жылы 70 жылдық мерейтойында мек­теп­ке қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың аты бе­ріл­ді. 1996 жылы мектепке «ағылшын тілін оқытуға мамандандырылған арнайы орта мектеп» куәлігі берілді. 2004 жылы Алматы қаласы әкімі мен қалалық оқу бөлімінің ар­найы шешімімен мектеп көп салалы гим­на­зия статусын алды. 2006-2007 оқу жы­лы­нан бастап 10-11 сыныптар екі бағытта оқи­ды. Олар: жаратылыстану бағытында – хи­мия, биология, география, математика бағ­да­­ры, ал гуманитарлық бағытта – лин­гвис­­ти­­калық бағдар (ағылшын және қазақ тілі).
Тарихы терең бұл мектеп Алматы қала­сындағы Ш.Уәлиханов көшесі, 79-үйде орна­ласқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста