«Офицер абыройы» не жайлы?

Еліміздің Қорғаныс министрлігінің арнайы тапсырысымен «Офицер абыройы» атты телехикая түсірілген екен. Оған қандай оқиға арқау болған? Телехикая не жайында?
Гүлжан ӘБДІРАМАН,
Жаңатас
Фильмнің режиссері Фуркат Файзиевтің пікірінше, аталған фильмнің ерекшелігі – ол жай ғана эпизодтардың жиынтығы емес. Бұл адамның өз тағдырын іздеу барысында өзгеруін көрсетеді. Телехикая 30 сериядан тұрады. Оған адамның тағдыры, қиындыққа тап болған жанның тұлға ретінде қайта қалыптасу тарихы арқау болған. Телехикаяның басты кейіпкері – Батыр есімді журналист жігіт. Ең жақын адамдары мен сүйіктісінің сатқындығынан оның өмірінің күл-талқаны шығады. Бір өзгерістің қажеттігін сезінген жігіт ақыры әскерге аттанады. Телехикаяда Ақтаудағы қазақстандық теңіз әскерінің базасы, өзіміздің отандық верфьте жасалып шығарылған әскери кемелер, қазақстандық әуе қор­ғанысы күштері мамандарының әскери машина­ларды аспанға көтеру сәті көрсетіледі.
«Офицер абыройы» телехикаясына жас актерлер де, танымал актерлер де түскен. Фильмде басты рөлді Қажымұқан Қалымбетов ойнайды. Ал оның досы, тыңшы Сергейдің рөлі танымал каскадер Олег Наумовке жүктелген. Сонымен қатар фильм эпизодтарында арнайы бөлімше жауынгерлері мен жауынгерлік жекпе-жек шеберлері түскен. Фильм қазақ және орыс тілінде. Телехикая көрермен назарына 2014 жылдың көктемінде ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста