Оффшор деген не?
Оффшор, оффшорлы аймақ деп жатады. Ол қандай аймақ?
Айгүл ЖОМАРТҚЫЗЫ, оқушы
Оффшор – ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан қашық» деген мағынаны білдіреді. Әлемдік қаржы орталықтары, сондай-ақ банк операцияларының кейбір түрлері үшін қолданылатын термин. Оффшорлық бизнестің қаржы орталықтары шетел капиталын салық жеңілдіктері мен басқа да жеңілдіктер беру, орталық орналасқан елде тіркелген шетел компанияларының табысына салынатын салықты азайту немесе толық жою жолымен тартады. Оффшорлық бизнестің дамуын көтермелей отырып, елдер қыруар табыс алады.
«Оффшорлық аймақтар тек аралдарда ғана болады» деген жаңсақ пікір. Еуропаның көптеген елдерінде де оффшорлық фирмаларды тіркеуге мүмкіндік бар. Оффшорлық компания тек салық шығынын азайтуға ғана емес, шетелдік компанияның атынан келісімді жүзеге асырып, шетелдік банктердегі несие қорларына қол жеткізе алады.