Көрнекті дәрігер-хирург Нұртас Қазыбаевтың Қазақстан медицинасы тарихына жаңалық болып қосылған және осы саланы айтарлықтай ілгерілеткен қандай ірі өнертабыстары бар?
Айбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, Алматы
Нұртас Қазыбаев отандық медицина тарихында тұңғыш рет лазер сәулесін оталау тәжірибесінде қолдану әдісін енгізді. 2000 жылдың басынан бастап аса ауыр сырқаттардың ағзаларын, ішкі мүшелеріндегі жара, ісік, тастарды да лазер сәулесімен «тесіп», «кесіп» алып тастау, оталау тәсілін қолға алды. Бірақ Нұртас Кәкімжанұлы лазер сәулесімен «тесіп», «кесіп» оталаудың дұрыс әдіс екеніне әбден көзі жеткен соң барып қана, яғни 2008 жылдан бастап оны «жаңа оталау тәсілі» деп жариялады. Бұл жаңалық тұңғыш рет әуелі Қазақстан емханаларында ғана тәжірибеден өтті және Қазыбаев ашқан жаңалық болып енді. Сонымен оталау өнерінде «қазыбаевтық тәсіл» пайда болды.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Лапароскопиялық аппендэктомия кезінде аппендикс тұқылын өңдеу тәсілін енгізгені үшін Нұртас Қазыбаев бастаған бір топ өнертабыс авторларына куәлік берілді. Бұл, қазақша айтқанда, «адам ағзасының ішкі мүшелеріндегі түрлі кеселдерді сәулемен оталау әдісі» болып саналады.
Нұртас Қазыбаевтың қандай өнертабыстары бар?
Последние статьи автора