Нұртас Қазыбаевтың қандай өнертабыстары бар?

Нұртас Қазыбаевтың қандай өнертабыстары бар?

Көрнекті дәрігер-хирург Нұртас Қазыбаевтың Қазақстан медицинасы тарихына жаңалық болып қосылған және осы саланы айтарлықтай ілгерілеткен қандай ірі өнертабыстары бар?
Айбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
Алматы
Нұртас Қазыбаев отандық медицина тари­хын­да тұңғыш рет лазер сәулесін оталау тәжіри­бесінде қолдану әдісін енгізді. 2000 жылдың басы­нан бастап аса ауыр сырқаттардың ағзала­рын, ішкі мүшелеріндегі жара, ісік, тастарды да лазер сәулесімен «тесіп», «кесіп» алып тастау, ота­лау тәсілін қолға алды. Бірақ Нұртас Кәкім­жанұлы лазер сәулесімен «тесіп», «кесіп» оталау­дың дұрыс әдіс екеніне әбден көзі жеткен соң барып қана,  яғни 2008 жылдан бастап оны «жаңа оталау тәсілі» деп жариялады. Бұл жаңа­лық тұңғыш рет әуелі Қазақстан емханаларында ғана тәжірибеден өтті және Қазыбаев ашқан жаңалық болып енді. Сонымен оталау өнерінде «қазыбаевтық тәсіл» пайда болды.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы коми­теті Лапароскопиялық аппендэктомия кезінде аппендикс тұқылын өңдеу тәсілін енгізгені үшін Нұртас Қазыбаев бастаған бір топ өнертабыс авторларына куәлік берілді. Бұл, қазақша айтқанда, «адам ағзасының ішкі мүшелеріндегі түрлі кеселдерді сәулемен оталау әдісі» болып саналады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста