Нота неге жетеу?

Нота неге жетеу?

Музыкалық шығармаларды ноталармен белгiлеу қашан пайда болған? Кейде ақпарат құралдарынан «министрлiк тиiстi нота жiбердi» деген сыңайдағы сөздердi кездестiрiп қаламыз. Осы екеуiнiң арасында қандай байланыс бар екенiн түсiндiрiп берсеңiздер.
Шоқан СЕРIКҰЛЫ,
Алматы облысы
Белгiлi мәселелерге орай бiр мемлекеттiң басқа бiр мемлекетке немесе бiр мекеменiң келесi мекемеге жолдаған арнайы хатын нота дейдi. Саяси термин ретiнде қолданылатын бұл «нота» сөзiнiң музыкалық шығармаларды таңбалайтын ноталарға еш қатысы жоқ. Бұл сөздердi ортақтастырып тұрған бiр-ақ нәрсе бар: «нота» сөзi жазу, белгiлеу деген мағынаны бiлдiредi.
Ал кәдiмгi жетi нотаны ең алғаш ойлап тапқан адам – XI ғасырда өмiр сүрген Гвидо д Ареццо есiмдi италиялық пiрәдар. Ол шiркеу әндерiн орындаушы әншiлердi дайындау үстiнде музыкалық шығармалардағы түрлi дыбыстарды жылдам есте сақтау үшiн оларды өзiнше таңбалап, қағазға түсiру керектiгiне көз жеткiзедi.
Бұдан бұрын көне гректер әуендердi әрiптермен белгiлеген екен. Бiрақ бұл әдiс музыкалық туындының дәл ырғағы мен дыбыстардың жоғары не төмен екенiн бiлдiруге қолайсыз болған. Музыкант Гвидо болса бүгiнде бәрiмiзге белгiлi бес сызыққа әуендегi дыбыстарды дәл айқындайтын жетi түрлi нотаны дүниеге әкелдi. Олардың жетеу болатын себебi музыкада бұлардан басқа таңбалауға келетiн дыбыстар жоқ. Ол ноталардың атауын шiркеу хоры айтып жүрген әннiң сөздерiндегi әр жолдың алғашқы буындары мен дiни сөздерден алған. Ut, Re, Mi, Fa, Sol, La,Si деп келетiн таңбалардың алғашқы Ut атауы кейiн дауыстап айтуға ыңғайланып, До деп алмастырылды. Гвидо ноталарға арнайы атау берiп қана қоймай, олардың әуенге сай жоғары, төмен, қысқа, ұзақ болып келетiнiне орай басқа да қосымша таңбалар жасаған.
Бүгiнде бүкiл әлем музыканттары дыбыстарға баршаға ортақ осы әдiстi қолданады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста