«Нобельдiң» құны қанша?
Әлем бойынша әр саланың үздiктерiне берiлетiн «Нобель» сыйлығын кiмдер тағайындайды? Осынау мәртебеге қандай жетiстiктерге жеткен адамдар лайық деп есептеледi? Жалпы, «Нобель» сыйлығының иесiне қандай мөлшерде сыйақы берiледi?
Айбек НҰРҚОЖА
Әлемдiк деңгейдегi бұл сыйлық әйгiлi швед химигi, динамит пен басқа да түрлi жарылғыш заттарды алғаш ойлап тапқан ғалым әрi кәсiпкер Альфред Нобельдiң 1895 жылдың 27 қараша күнi жазып қалдырған өсиетi бойынша әдебиет, бейбiтшiлiктi қорғау, экономика, медицина, химия, физика салаларында үлкен жетiстiктерге жеткен адамдарға берiледi.
Мұндай мәртебелi сыйлыққа кiмдер лайық екенiн Швецияның Корольдiк академиясының жанынан құрылған Нобельдiк комитеттер шешедi. Бiр қызығы, Нобель өз өсиетiнде бар ғылымның атасы саналатын математика саласын мүлде ескерусiз қалдырған. Себебi «атақты ғалымның сүйiктi жары онымен ажырасып, бiр математиктiң етегiнен ұстап кете барған» деген әңгiме бар.
«Нобель сыйлығының лауреаты» атанған тұлғаға алтын медаль,арнайы диплом және 1 миллион доллар көлемiнде сыйақы берiледi.