Нобель сыйлығының лауреаты болған футболшы

«Футболшылар қайырымдылық қорына атсалысты», «футболшылар жануарларды қорғау туралы ұйымға мүшелікке кірді», «футболшылардың ішіндегі пәленше деген ойыншы осындай атаққа ие болды», «сауалнама бойынша түгенше деген футболшы ең сымбатты жігіт болып танылды» деген талай жаңалықты естідім. Бірақ футболшыларға Нобель сыйлығын береді деп ойламаппын. Бақсам, футболшылар арасында мұндай мәртебелі атақты иеленгені бар екен. Ол кім? Аяқпен ғана емес, мимен де қызмет ететін футболшы туралы білгім келеді.
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
Тараз
Қазіргі физиканың іргетасын қалаушы­лардың бірі, Бор теоремасының авторы, квант­тық физикаға түрен салған айтулы ғалым Альберт Эйнштейннің жақын доста­ры­ның бірі Нильс Бор – футболшылардың ішін­де Нобель сыйлығын иеленген жалғыз әрі соңғы ойыншы. Нильс Бор доп қуумен бала кезден әуес­тенген. Нәтижесінде інісі Харальд екеуі Дания құрамасына қабыл­данып, даттардың басты құрама­сы қата­рында бірнеше ойын өткізді. Бірақ футболшылар арасын­дағы ең мықты математик, ал математиктер арасындағы ең мықты футболшы Нильстің інісі Харальд Бор еді. Копен­гаген университетінде оқып жүрген аға­йын­дыларға ұлттық құра­мадан шақырту түседі. 1908 жылы футбол Олимпиада ой­ын­дарына тұңғыш рет енгізілді. Сол кезде Ниль­с­тің інісі Харальд Дания құрамасының қақпасын қор­ғап, даттар ақтық сында ағылшын­дардан 0:2 есе­бімен ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Олим­пиадаға бас бапкер Нильсті апарған жоқ, бірақ Дания құрамасының қатарында ол бірнеше матч өткізді. 1922 жылы Нильс Борға физика ғылы­мындағы ерен еңбегі үшін Нобель сыйлығы табысталды. Мінеки, спортшылар арасында да ғылыммен әуесте­нетіндер бар. Мәселен, Ресей құрамасының қақпашысы Вячеслав Малафеев спортшы­лардың матч ал­дындағы психологиялық дайындығы турады кандидаттық диссертациясын қор­ғамақшы. Сонымен қатар Қазақ­стан ұлттық құрамасының қақпашысы Давид Лория мен боксшы Ермахан Ыбырайымовтың да педагогика ғылы­мының кандидаты деген атағы барын ұмыт­паңыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста