Невада-Семей антиядролық қозғалысы қашан құрылды?

Невада-Семей антиядролық қозғалысы қашан құрылды?

Қазақстандағы және әлемдегі ядролық сынақтарға қарсы Невада-Семей қозғалысы қашан құрылды, не атқарды?
Дәурен,
Алматы облысы
Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құры­лып, қазан айында ресми тіркелді. Респу­блика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозға­лыс ядролық жарылыстарға қарсылық біл­діріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақ­сат етті, Семей ядролық полигонында ядро­лық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ты 7-ге дейін азайды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ 19 қазанда жасалған. Анти­ядро­лық қоз­ға­лыс қатысушы Қарағандының 130 мың шах­тері егер ядролық сынақ тоқтамаған жағдайда мер­зімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеген бо­латын. Оларды Семей, Павлодар, Өске­мен, Жез­қазған жұмысшылары және сон­дай-ақ Жо­ғарғы Кеңес қолдады.  Халықтың бас­тамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қа­руды сы­науға тыйым салу – мораторий жасау тура­лы ше­шім шығарды. Қазақстан Респу­бли­касының егемендігі туралы Декларацияда ел аума­ғы ядро­сыз аймақ деп жарияланды. Қазақ­стан Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаев Семей полиго­нын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жыл­дың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақ­сатына жетті.
Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Ита­лия, Жа­пония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бө­лімшелері құрылған. Қозғалыстың бел­сенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары ден­сау­лығы мен экологиясын сауықтыру және эконо­ми­касын дамыту мақсатындағы халықаралық ынты­мақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қара­рын қабыл­дады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста