Несиені бауырымның атына ауыстыруға бола ма?

Несиені бауырымның атына ауыстыруға бола ма?

Мен екі жыл бұрын  ипотекалық несие рәсімдеп, бауырым Алмасқа пәтер сатып әпердім. Ай сайынғы төлемдерін інім өзі төлеп келеді. Енді осы несие мен пәтерді бауырымның атына ауыстыруыма бола ма?
Мұратбек,
Алматы

Оқырман сауалына Kaspi bank  басқарушы директоры Павел Миронов жауап берді:

– Иә, бір қарызгердің атындағы несиені екіншісіне аударуға болады. 1) Ол үшін екі тұлға да осы қадамдарын негіздеп өтініш жазулары керек. 2) Банк жазбаша түрде келісімін берген соң, бұрынғы қарызгер мен жаңа қарызгер арасында жазбаша келісім жасалады. 3) Өкілетті орган қарызгердің ауысатындығын мақұлдап шешім шығарады. 4) Несие келісімшартына кредитор банк пен жаңа қарызгер қол қойған қосымша қосылады.

«Альянс банк» АҚ Бөлшек сауда бизнесі департаментінің бөлім бастығы  Гүлнәр Қонарбаеваның айтуынша, банк  дәл қазір ипотекалық несие беріп жатпаса да, осындай өтініштерді жеке түрде қарастырады.   Несие мен пәтерді өз атына ауыстыру  үшін Алмас өтініш жазып, төлем қабілетін дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы тиіс. Сонымен қатар банктен ипотекалық несие алуға қажетті қосымша құжаттарды да  тапсыруы керек.

Call-орталықтан сұрап білгеніміздей, Қазкоммерцбанкте «Қарызгерді алмастыру» бағдарламасы бар екен.  Несиені бауырыңыздың атына ауыстыруыңызға болады, тек оның жалақысы осы борыштың ай сайынғы төлемдерін өтей алатындай жоғары болуы керек. Сондай-ақ соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары да талап етіледі. Жазған өтінішіңіз қарастырылуы үшін 10 000 теңге ақы төлейсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста