Некесіз балаға куәлік қалай беріледі?
Некесіз туылған баланың туу туралы куәлігіне ата-анасы қалай жазылады? Некесіз ата-ананың құқықтары қалай реттеледі?
Назым, Алматы облысы
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бiрлескен арызы немесе бала әкесiнiң арызы болмаған кезде ата-аналарының бiреуiнiң, бала қамқоршысының арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейiнгi өз арызы бойынша сот тәртiбiмен белгiленедi. Бұл жағдайда сот баланың нақты адамнан туу тегiн анық растайтын айғақтарды ескередi.
Өзiн баланың әкесiмiн деп таныған, бiрақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенiн тану фактiсi азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен белгiленуi мүмкiн.
Бiр-бiрiмен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кiтабына олардың кез келгенiнiң арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады.
Егер ата-ана бiр-бiрiмен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба-анасының арызы бойынша, ал баланың әкесi туралы жазба баланың әкесi мен анасының бiрлескен арызы бойынша немесе бала әкесiнiң арызы бойынша жүргiзiледi немесе әкесi соттың шешiмiне сәйкес жазылады.
Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бiрлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешiмi болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кiтабында бала әкесiнiң тегi анасының тегi бойынша, бала әкесiнiң аты-жөнi – бала анасының көрсетуi бойынша жазылады.