Некені той үстінде қию үшін не істеу қажет?
Бірнеше айдан соң отау құрмақшымын. Бірақ Неке сарайына тіркелу мен үйлену тойы уақытын бір күнге орайластыруға мүмкіндік болмайын деп тұр. Сол себепті АХАЖ-ға бармай-ақ некені той өтетін жерде қидыруға бола ма? Ол үшін не істеу қажет?
Асхат Қалиев, Алматы қаласы
ҚР Әділет министрлігі өкілдерінің айтуынша, неке қию уақыты мен орнын белгілеу ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырда бекітілген Азаматтардың хал актілерін тіркеу туралы ереженің 76-тармағына сәйкес, тіркеу мекемесі мен некелесуші тұлғалардың келісімімен жүзеге асырылады. Егер жас жұбайлар некені заңдастыру рәсімін Неке сарайында немесе үйлену тойы өтетін жерде ұйымдастыруды қаласа, оны АХАЖ органы атына жазылған өтінішпен растау қажет. АХАЖ қызметкерлері неке қию рәсімі кезінде орындалуы тиіс басқа да талап-шарттарды некелесушілердің рұқсатымен ғана іске асырады.