Некені неше жастан бастап тіркеуге болады?
Өзім 23-жастамын, бірақ үйленейін деп жүрген қызым әлі 16-ға толған жоқ. Егер үйленген жағдайда некемізді тіркей аламыз ба? Некеге тұру жасы қанша?
Марат, Ақтау қаласы
ҚР заңнамасы бойынша неке қидыру үшін ерлі-зайыптылардың жасы 18-ге толуы қажет. Дегенмен, заңгерлердің айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодекстің 10-бабына сәйкес, неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларға ғана төмендете алады: Бірінші, әйел жүкті болса, екінші, некеге отырушылардың ортақ балалары болса ғана бұл жағдай жүзеге асырылады. Бір сөзбен айтқанда, сіздердің некелеріңізді тіркеу үшін сіздің жарыңыз 16 жасқа толуы қажет яки жарыңыз жүкті болуы тиіс немесе сіздерде ортақ бір бала болуы керек. Онсыз сіздердің некелеріңіз тіркелмейді екен.