Некеге тұрмаған адамнан алимент талап етіле ме?
Бұрын азаматтық некеде болған күйеуімнен бір ұлым бар. Қазір онымен бірге тұрмаймын. Заң бойынша мен одан балама алимент талап ете аламын ба?
Сәния Бақдәулетова, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының түсіндіруінше, ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 47-бабына сәйкес, егер баланың анасының ері болып табылмайтын азаматтың баланың әкесі екені расталса, ананың баланы жүктілікке дейін және кейін күтуге қажетті қаражатты сот арқылы талап етуге құқы бар. Қаражат көлемі тараптардың материалдық, отбасылық және басқа да назар аударарлық жағдайларын есепке ала отырып, сотпен белгіленеді және ол сол кезеңдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшері бойынша шамаланады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу