Бұл пікірдің «сәбидің аяғы қисық, не маймақ болып қалады» деген мағынасыз түсіндірмесінен өзге, жүктілік кезінде аяқты айқастырып отыру варикозға шалдықтырады деген де нұсқасы бар... Сонымен, бұл уәждер қаншалықты рас?
Мамандардың айтуынша, соңғысы жай сөз емес. Өйткені, Бостон медицина орталығының мамандары болашақ аналарға арнап жазған «A Guide to Pregnancy, Birth and Babies» брошюрасында акушерлер жүкті әйелдердің 7 мен 9-шы айлар аралығында аяғын айқастырып ұзақ отырмауға кеңес береді.
Екіқабат кезде дененің массасы ауырлап, ісініп жүретін болғандықтан, венаға қосымша ауыртпалық түседі. Сол үшін төменгі жақтың қан айналымы дұрыс болуы үшін мүмкіндігінше аяқты айқастырып отырудан аулақ болған жөн.