Неге Ислам мұсылман әйелдің басқа діндегілермен некелесуіне қарсы?

Исламның мұсылман ерге мұсылман емес әйелге (христиан немесе яһуди) үйленуіне жол беріп, мұсылман әйелдің басқа діндегі адаммен некелесуіне рұқсат етпейтіні ақиқат.
Бұл бір қарағанда теңсіздік болып көрінуі мүмкін. Алайда, мұның нақ себебі белгілі болғанда алдамшы теңсіздік айқындалып, таңдануға себеп қалмайды. Бұл тиымның мәнісін түсіндіретін Исламның өз көзқарасы бар. Жалпы, Исламдағы әрбір заңның белгілі мәні бар, әрі олар барлық тараптың өмірлік мүдделерін қорғайды.
Исламда некелесу махаббат пен мейірімділікке және жан тыныштығына негізделеді. Ислам ерлі-зайыптылық ғұмырдың баянды болуына кепілді отбасының берік негізге құрылуын қалайды.
Ислам – өзінен алдыңғы самауи діндердің барлығына құрметпен қарайтын, әрі алдыңғы Пайғамбарларға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) иман келтіруді мұсылмандық ақиданың қажетті шарты ететін дін. Сондықтан да, мұсылман ер христиан немесе яһуди әйелге үйленген жағдайда, зайыбының діни сенімін құрметтеуге міндетті, әрі исламдық көзқарас бойынша, әйелдің өз дінінің жоралғыларын орындауына және оларды орындау үшін шіркеу немесе синагогаға баруына кедергі келтірмейді. Осылайша Ислам күйеуінің әйелінің діни сенімі мен ондағы жоралғыларға құрметпен қарауын қамтамасыз етеді. Отбасының бұзылмауының кепілі мен қорғаны да осы.
Басқа діндегі ер адам мұсылман әйелге үйленген жағдайда, күйеуі зайыбының діни сеніміне құрмет көрсетпейді. ´йткені, мұсылман бұрынғы діндерге (олар Аллаһ Тағала тарапынан түсірілген деп) иман келтіріп, Аллаһ Тағаланың Пайғамбарларын (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) силап, құрметтесе, басқа діндегі адам Ислам Пайғамбарына (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) иман келтірмейді, әрі Оның (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығын мойындамайды. Бұған қоса, ол Мухаммадті (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жалған пайғамбар деп есептеп, көп жағдайда Ислам мен оның пайғамбары Мухаммадке (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қатысты көптеген өсек – аяң мен өтірік сөзге иланады.
Мұсылман болмаған ері мұны зайыбының алдында ашық айтпағанымен, бәрібір зайыбы өз діни сеніміне деген күйеуінің құрмет көрсетпейтінін сезініп езгіде өмір сүреді. Бұл мәселеде татулық пен өзара силастық туралы айтудың өзі артық. Себебі, бұл - өмірлік ұстаным мәселесі. Ал күйеу мен зайыбы арасындағы өзара силастық ерлі – зайыпты өмірдің беріктігінің негізі болып табылады.
Исламның мұсылман ердің христиан мен яһуди діндерінен өзге діндегі (мұсылман емес) әйелмен некелесуіне тиым салуы қисынды. Мұндай тиым салынудың себебі, мұсылман әйелдің басқа дін иелеріне күйеуге шығуына тиым салынуы тәрізді.
Мұсылман тек самауи діндердің ақиқаттылығына иман келтіреді. Олардан басқа діннің барлығы - адамзаттың ойлап шығарған діндері. Бұл жағдайда да, шындығын айтар болсақ, әйелдің діни сеніміне сый мен құрмет болмайды. Ал бұл шаңырақты шайқалтып, ерлі – зайыптылар арасындағы махаббат пен мейірімділік сезімдерін әлсіретеді.
 nurotau.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста