Наурыз мерекесіне байланысты қандай наным-сенімдер бар?

Наурыз мерекесіне байланысты қандай наным-сенімдер бар?

Баяғыда ата-бабаларымыз Ұлыстың ұлы күніне арнайы дайындалған ғой. Және оның түп-төркінінде белгілі бір наным-сенімдер жатқан. Сол жөнінде білгім келеді.
Гүлсім ҚОРҒАСБАЙ,
студент

Наурызға маңызды мейрам ретінде қарағандықтан да, халқымыз оны ерекше күткен. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға салу үшін әдейілеп сақтаған. Жас келiндер, бойжеткендер болса кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс заттарын жасап, темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi – күн мен түн теңесетiн шақта кәдеге асатын, «ұйқыашар», «селт еткiзер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластаған. Әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған. Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылған. Бұл – «дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi.
Ұлыс келер түнi үй иелерi барлық ыдысты аққа, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырған. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса, «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп қуанған. «Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егiлген талдың саясы мен жемiсi мол болады» деп сенген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста