Науат та науқасқа ем бе?
Әжелер неге науатқа құмар? Қант та емес, кәмпит те емес, науат неден жасалады? Қай халықтың еншісіндегі ас?
Құралай Әбіл, Қарағанды.
Орта Азия, оның ішінде өзбек ұлтының дәстүрлі дастархан мәзірі болып келетін науат – шынында қызық дүние. Түсі мөлдір, тәттілігі тіл үйірерлігі өз алдына, оның жасалу технологиясы қарапайым ғана. Кәдімгі қантты қайнатып, оған жүзім шырыны мен табиғи бояғыштар қосылады, бірақ химикатсыз. Сондықтан қантқа тыйым салса да, дәрігерлер науатты жеуге, керісінше, өздері кеңес береді. Нақты емдік қасиетіне келсек:
1. Ол – іш, яғни асқазан ауруларына ем. Ол үшін бір түйір науатты көк шайға қосып ішу керек;
2. Суық тигенге таптырмайтын ем;
3. Тамақ ауырғанда 10-15 минут ауызға салып сору керек;
4. Қатты шаршаған кезде науаттың тыныштандыратын қасиеті де бар;
5. Гинекологиялық жағынан да пайдасы болса керек.