Нәпіл оразаны қай кезде ұстаған дұрыс?
Бір досым жыл он екі ай бойы әр дүйсенбі сайын ауыз бекітеді. Ол мұндай амалдың сауабы мол екенін айтады. Мен де алдағы уақытта арнайы бір күнді белгілеп, ораза ұстап тұруды әдетке айналдырсам деп едім? Жалпы, қай күн ораза ұстауға ыңғайлы?
Талғат Қасымов, Алматы қаласы
Дінімізде жыл бойы ораза ұстау да, әр жұмада ораза ұстау да мәкрук амал болып саналады. Себебі жалпы нәпіл ораза ұстайтын белгілі уақыттардан басқа кездерде ораза тұту мәкрук амалдар қатарына жатады. Оразаны дүйсенбі немесе бейсенбі күндерінен бастап тұтқан жөн. Кейбір кісілер нәпіл оразаны жұма күні ұстап жатады. Алайда бұл дұрыс емес. Өйткені шариғатымыз бойынша жұма күндері өзге мұсылмандар той-тойлап жатқанда осындай мерекелі күндері ауыз бекіткеннің өзі дұрыс емес. Мұндай амалдар пайғамбарымыздың сүннетіне жатпайды.