НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕГЕН КІМ?

Ең алдымен осы сауалнамаға жауап беріп көрейікші: Нағыз еркек десе көз алдыңызға кім елестейді?

Ойланып қалдыңыз, иә? Тек бірнеше минуттардан  кейін ғана  өткен ғасырлардағы батырларды, қоғам қайраткерлерін айтасыз. Өз әкеңізді де айтуыңыз мүмкін.

Бұл психологиялық сауалнама нені көрсетеді? Толығырақ тоқталайық:

Адамға тосыннан сұрақ қою арқылы, ойында не тұрғанын білуге болады. Егер біраз ойланып қана жауап берсе, оның жауабы ақиқат емес. Ми өзінің күнде көріп, естіп жүрген жағдайы туралы автоматты түрде жауап беруге машық. Яғни, қазіргі қазақ қоғамында "нағыз ер" деген атқа лайықты жігіттер аз. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде халықтың  85%-ы бірден жауап бере алмаса, қалған  15%-ы өз әкесін айтып өтті.

Нағыз еркек деген кім?

Құранда «нағыз ер» деп  Аллаға сенім білдіріп, намаз оқитын, уәдеге берік болып, қиянат жасамайтын,ақиқат пен сүйінпеншілікті қалайтын адамды атайды. Ал осының ішінен қазіргі жігіттердің бойынан кездесетін қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ата-анасын бақытты етіп,сүйіспеншілігін көрсете алмағандар қаншама? Алланың парыз етіп берген бес уақыт намазын оқып жүріп-ақ, талай жанның көз жасына қалған жігіттер қаншама? Сүйгеніне уәде беріп, қиянат жасағандар қаншама?

Құранда Алла алдымен ер адамды жаратып,қабырғасынан әйел адамды жаратқаны жайындағы аяттар бар. Яғни, ер әрдайым бастаушы, қорғаушы болып, өзіне тән қасиеттер арқылы әйелден үнемі жоғары тұрған.

Ал қадыр-қасиетінен айырылған  қазіргі жігіттердің, Алла тұрмақ қыз алдында  да ешқандай сыйы жоқ.

Қыз бен жігіт теңдігі

Осы әңгіме қозғалса болды, бәріміздің айтарымыз бір. Қазір ер адамның жұмысын әйел адам да жасай береді.Сондықтан ер адамның қоғамда беделі түсіп, әйел адам алдыға шыққан дейді. Ал бұлай болуға себепті  басқаша түсіндіріп көрсем қалай болады?

Көп сөйлеу

Әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов әзілдерінің бірінде: &ldquoҚазіргінің еркектері іске қарағанда, сөзге жүйрік&rdquo екендігін айтып қалды. Көп сөйлеп көпіре бергенше неге сол істі әрекетпен көрсетпеске? Міне, әйелдің ерін сыйламаудың ең біріншісебебі осы. Бей-берекет сөйлей беру адамның қай жерде болмасын беделін түсіреді. Шынында көп сөйлеу тек әйелге ғана жарасқанын ұмытпау керек.

Берген уәдесінде тұрмау

Қыз бен жігіт болсын, үйленген ерлі-зайыпты болсын осы тақырыпта көп жанжалдасып жатады. Жігіттің қызға үйленемін деп уәде етіп, қашып кетуі,болмаса, үйленгенге дейін уәдені үйіп-төгіп, үйленгеннен кейін орындалмай қалатыны  жігітке үлкен сын.

Міне, келтірген екі ғана фактордың өзі жігіттің жігіттігіне сың болып, беделінің түсетініне мысал бола алды. Яғни, қазіргі қазақ қыздарының өзгеруіне ер азаматтар бірден-бір  себепші болып отыр. Егер қоғамда намысшыл, уәдеге берікжігіттер көп болғанда ары тапталған қыздар болмаспаеді? Ал,үйіндегі ұл-қызына дұрыс тәрбие көрсетіп, әйелін сыйлай білетін ерлер көп болғанда қоғамда мұндай жалаң бұтты,өзім білемін деген қыздар жоқ болар ма еді?? Түптін-түбіне келгенде бәрі ер азаматқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ер азамат отбасының биік тұғыры,әйелі &mdash ошағы, бала-шағасы &mdash өшпес жалының!!!

Шұғыла Ақылбекқызы,

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар

және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста