Райымбек батырдың анасының да батырлар әулетінің ұрпағы екені айтылады. Осы деректі нақтылап жазсаңыздар екен.
Талапкер ИМАНӘЛІ, Талғар қаласы
Райымбек батыр туралы жазбалардағы мына бір мағлұмат сіздің сауалыңызға жауап секілді. «Жалайыр елiне жау тиiптi» деген хабар албан тайпасына жетедi. Қарт бурадай қаһарына мiнген Хангелдi батыр жасағын соңынан ертiп, құба қалмаққа қарсы аттанады. Шапқыншылық жасаған жаудың бетiн қайтарып, қалмақ қолбасшысының басын алып, рулы ел жалайырды басқыншы жаудан құтқарады. Бұл кезде Орақты батыр жырақта жүрген кезi екен, елiне жау тигенiн естiп оралса, албан Хангелдi ел тыныштығын алған құба қалмақтың басын алғанын, ел iшiне қалыпты тыныштық орнағанын көредi. Хангелдi батырдың ерлiгiне риза болған Орақты батыр сый-сияпат жасап, аттанарында бұйымтай сұрайды. Сонда Хангелдi батыр: «Арамызды жекжаттық жалғастырса деп едiм, қисаң, қызың Қарашашқа үкi тақсам қалай?» – дейдi. Екi жақ келiсiмге келiп, құдаласады.
Хангелдi батыр күтпеген жерден жалайыр Орақты батырмен құда болып, қызы Қарашаш сұлуды Түкеге алып бередi. Тектi әулеттiң қызы Түкеге қосылған соң Райымбек, Толмаш атты ұлдарды дүниеге әкеледi.
Нағашы жұрты кім болған?
Последние статьи автора