Мысықтардың мұрты туралы білгім келеді
Мысықтардың мұрты жүйке жүйесімен байланысты ма? Олар қандай қызметтер атқарады?
Бағдәулет Сапаров, Тараз қаласы
Мысықтардың мұрты ғылым тілінде вибриссалар деп аталады. Вибрисса – сүтқоректілерде болатын ұзын, қатты, сезімтал қыл. Мұндай қылдар олардың көзінің айналасында да болады. Вибриссалардың түбі тері астындағы қылды негізден бастау алады, олардың әрқайсысы күретамыр қуысымен және жүйке талшықтарымен тығыз байланысты. Мида әрбір вибриссаның өз әсер ету аймағы болады. Мұндай қатты қылшықтар бауырымен жорғалаушылардың ежелгі аң тәрізді түрлерінің бас сүйегінен де табылған. Бұл вибриссалардың сүтқоректілер терісіндегі түктен де бұрын пайда болғанын көрсетеді, яғни оған балықтардың жақ қылқаны сияқты қарауға болады. Мысықтарда вибриссалар иіс және сипап сезу қызметін атқарады. Жиіркенішті немесе қауіпті нәрселерді де соның көмегімен сезуі мүмкін. Айта кетейік, кейде адамның мұрын қуысындағы және қабыршақты жәндіктердегі қылдарды да вибриссалар дейді.