Нәзікжандылар қауымы ерінің жанында өркөкіректік танытып, қырсыққанымен, іштей барлығы да жігіттерінен айырылып қалудан қорқады. Егер ондай жағдай орын алса, бұл – әйелдер үшін өте ауыр соққы болмақ. Сондықтан оның алдын алған жөн. Сонымен, ол үшін не істеу керек? Қандай әйел болу керек? Кеңестерге құлақ түрелік.
1.Тәуелсіздік
Дана әйел ерімен арадағы қарым-қатынасын бағалай біледі. Бірақ оның махаббаты ештеңеге тәуелді болмауы керек. Кез келген жағдайда да. Тіпті, онсыз өмір сүре алатын да халіңіз болсын. Сондықтан өзіңізді күтіңіз, өз табысыңыз, қызықты жұмысыңыз, таныстарыңыз, араласатын ортаңыз болсын.
2.Әйел – үйдегі жайлылықтың музасы
Әйелі бар үй бойдақ адамның үйімен салыстырғанда бірден байқалады. Әбден үй шаруасынан қиналған әйел деңгейіне түспей-ақ қойыңыз, бірақ кез келген ерге үйдегі жайлылық майдай жағады. Жуынатын бөлмедегі сабын, үтіктелген жейде, терезе алдындағы жұпар иісті гүл т.б. үй ішінің тартымдылығының барлығы әйелдің ғана атқаратын дүниелерінің қатарында. Ондай шаңырақты ер азамат та бағалайды.
3.«Көңілдес» қана емес, күйеуінің ең жақын досы
Ерлер үнемі өз ойын, жоспарларын бөлісетін адам іздейді. Сондықтан кез келген еркек әйелінің қолдауын әрдайым қажетсінеді. Әркез оған ниетіңізді, жылы сөздеріңізді айтып, жігерлендіріп отырыңыз.
4.Ығыр қылатын әйел болмаңыз
Тіпті қарым-қатынастарыңызға бірнеше жыл болса да, өзіңізге көп нәрсені рұқсат етіп, тым еркелеп кетпеңіз. Шектен тыс қызғанып, арада реніш тудыратын жағдайға да жеткізбеңіз.
5.Үнемі білмегеніңді үйренуге тырыс
Ерлер көзбен сүйеді, бірақ сіз мықты әрі тұрақты қарым-қатынасты қаласаңыз, дамуыңыз қажет. Мейлі, ол маникюр курсы, карате секциясы болсын. Өміріңізді отбасымен, үймен шектеп тастамаңыз. Ерлер жаңашылдыққа құмар әйелдерді ұнатады.
6.Күйеуіңіздің биікке көтерілуіне көмектесіңіз
Ақылды әйел жарынан ештеңе талап етпейді, үйретпейді. Тек оны шабыттандырады, өсуіне көмектеседі. Ондай әйелдің жанында лейтенант генералға айналады.
7.Күйеуіңізге ешқашан жаман нәрсе айтпаңыз
Қажеті жоқ, өзгелер жайлы ақпараттарды, бос әңгімелерді айтудың қажеті жоқ. Одан жалыққан еркек сіздің жаныңызда ұзақ отыруға шыдамайды.
8.Әлсізсіз, бірақ ақымақ болмаңыз
Бар жұмысты өз мойныңызға ала бермеңіз. Жарыңыз да сізге қамқорлық жасасын. Ауыр сөмкені көтеру, қолжуғышты жөндей салу, коммуналдық төлемдерді төлеу т.б. кішігірім істерді оған қалдырыңыз. Егер олай жасамасаңыз, күйеуіңіздің анасына айналып кеткеніңізді де білмей қаласыз.
9.Әйел үнемі күтініп жүру керек
Ақылды әйелдің ешқашан келбетсіз болмайтыны жайлы Коко Шанельдің тіркесі есіңізде ме? Расында ақылды әйел бәріне мүмкіндік, уақыт таба біледі. Ешқашан жұмысын, баласын сылтауратып, қалай болса солай жүре бермейді. Бұл сіздің де қолыңыздан келеді.