Мұз бен қарда өтетін спорт түрлері қанша?

Менің білейін дегенім, қысқы Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерінің қаншасы мұзда, қаншасы қарда ойналады?
Әділет ӘБІЛДАЕВ,
Алматы қаласы
Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін, ал­дымен, қысқы олимпиада бағдарлама­сына көз жүгірттік. Жалпы, бүгінде қысқы спорт түрлерінің 15-і Олимпиада ойын­дарының бағдарламасына енгенін көруге болады екен. Солардың ішінде сегізі мұз үстінде өтетін спорт түрлері болса, жетеуі қарда өтетін спорт түрлеріне жатады.
Мұзда өтетін олимпиадалық спорт түрлері:
1. Бобслей; 2. Скелетон; 3. Конькимен жүгіру; 4. Мәнерлеп сырғанау; 5. Шорт-трек; 6. Шана жарысы; 7. Шайбалы хоккей; 8. Керлинг.
Қарда өтетін олимпиадалық спорт түрлері:
1. Биатлон; 2. Тау шаңғысы; 3. Шаңғы қоссайысы; 4. Шаңғы жарысы; 5. Сноу­борд; 6. Фристайл; 7. Шаңғымен тұғырдан секіру.
Сондай-ақ болашақта Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүм­кін спорт түрлерінен допты хоккей мұзда, шаңғымен спорттық бағдарлаудың қарда өтетінін айта кету керек. Ал басқа да қысқы спорт түрлерінен спидрайдинг пен сноу­кайтинг мұзда, кайтселинг пен винд­серфинг қарда өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста