Мұхтар Әуезов футболды жақсы ойнаған

Мен спорт түрлерінің ішінен футболды жақсы көремін. Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерімін. Жақында бір танысымнан қазақтың хас жазушысы, классик Мұхтар Омарханұлы да футболды жақсы ойнаған дегенді естіп қалып ем. Осы рас па?
Думан ТОҚТАРБЕКҰЛЫ,
Жаркент қаласы
Қазақтың ғана емес, әлем классиктерінің қата­ры­нан орын алған ұлы суреткер Мұхтар Әуезов шынында да футбол ойынын жақсы ойнаған. Қазақ­­станға бұл спорт түрі 1909-1910 жылдары келге­нін ескерсек, Мұхтар Омарханұлын қазақ футбо­лының іргесін қалаушылардың бірі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені футбол ең бірінші Семей, Орал, Петропавл, Павлодар, Атырау, Ақтө­бе жастарының сүйікті ойынына айналды. Уақыт өте келе бұл ойын бұқаралық сипат алды. 1911 жылы Семейде жергілікті қазақ  және татар жаста­ры­ның бастама­сымен «Жарыс» командасы құрыл­ды. Мұхтар Омар­ханұлы осы «Жарыс» коман­дасының жартылай қорғаушысы болып ойнаған. «Жарыс» өзінің алғашқы кездесуін 1914 жылы Томск қаласындағы политехникалық инсти­туттың сту­дент­терімен өткізді. Осы кездесу Қазақ футбо­лы­ның кіндігі кесілген турнир болып саналады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста