Тұрар Рысқұлов 1919 жылы Мұсылман бюросын ұйымдастырған екен. Мұсылман бюросы қандай қызмет атқарған?
Ақжан НҰРПЕЙІС, Талғар қаласы
Тұрар Рысқұлов Түркістан коммунистік партиясының ішінен жеке Мұсылман бюросын құрады. Мұсбюроны қысқа уақыт ішінде Түркістан мұсылмандарының жеке саяси партиясы дәрежесіне дейін көтереді. Мұсбюро бір жылдай өмір сүрді, осы уақыт ішінде мұсылман коммунистері Түркістанды билеп отырған орыс большевиктерінің шовинистік тобын қиратып, республикадан ығыстырып шығарды. Мұсбюро егеменді Түркі Республикасын, мұсылман армиясын құру бағытында күрес жүргізді.
1920 жылы Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасы болған Тұрар Рысқұлов Ленин мен Сталинге Түркістанның егемендігі жөнінде тікелей мәселе қойған. Сол себепті де кейіннен қатты қуғындалды. Тұрармен бірге Мұсылман бюросының барлық қайраткерлері қатты қуғын-сүргінге ұшырады.
Мұсылман бюросы не қызмет атқарды?
Последние статьи автора