Мүсіндер қандай материалдардан жасалады?

Көне заманда ескерткіштерді саз балшықпен сылап, металмен көмкеретін. Олар ұзаққа шыдайтын. Ал қазіргі ескерткіштерге цемент, керамика қосады дейді. Осы рас па? Ол қаншалықты ұзаққа шыдайды, сапасы қалай болады?
Сабырхан КЕМЕЛЕШОВ,
Астана қаласы

Бауыржан БАЙДІЛДӘ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кескіндеме және мүсін факультетінің деканы:
– Қазіргі мүсін, ескерткіштерді бетоннан да, мыстан да, жезден (медный металл) де жасай береді. Бірақ бүгінгі уақытта тастан қашайтын мүсіншілер көбейді. Негізі, таспен қашалып, жезден құйылған ескерткіштер ұзаққа шыдайды. Әрине, тастарды қашағанда жалпылама дене бітімін алады да, ал мұрын, көз т.б. дене мүшелерін жезден құйып жасайды. Өйткені кішкентай дене мүшелерін тастан қашау қиын. Тас көбіне морт сынып кетеді. Сондықтан ондай жерлерін көбіне мыстан, жезден құяды. Мұндай ескерткіштердің шыдамдылығы да мықты болады. Мен сізге бір құпия айтайын. Ескерткішті жасар кезде оның технологиясына өте жауапкершілікпен қарау қажет. Өйткені ескерткіштерді су мен жаңбыр тез мүжиді. Егер аққан су ескерткіштің ішіне енетін болса, дереу оның сыртқа шығатын жағын ойластыру қажет. Себебі тамшылап жиналған су қатты аязда мүсінді жарып жібереді. Сондықтан судың кіруі мен ағып кетуін мұқият ескерген жөн. Онымен қоса қай мүсін қандай материалдан жасалса да, кез келген материал ыстық-суыққа байланысты өзінің көлемін ұлғайтып, кішірейтіп тұрады. Міне, осы жағын да ескерген жөн. Себебі ескерткіш ауа райына байланысты кеңейіп, кішірейіп тұрады. Осындай уақытта металдар бір-бірімен қажалып, тіреліп қалмас үшін оның технологиясын өте мұқият есептеу керек. Сонда кез келген ескерткіш ұзақ уақытқа дейін қалпын жоғалтпай тұрады. Мына орта ғасырлардан қазірге дейін сақталып қалған мүсіндердің барлығы осылай жасалған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста