Мүшел жасты қалай есептейді?
Қазақ халқы мүшел жасты қалай есептеген? Соны қысқаша түсіндіріп берсеңіздер.
Аида, Ақтөбе қаласы
Әркім наурыздаң 22-сінен басталатын байырғы жыл қайыру әдісімен өзінің қай жылы туғанын және неше мүшелге толғанын біле алады. Бірінші мүшел 13 жаста толады. Оған 12 жастан қосып отырсаңыз, келесі мүшел шығады.
Осы кестені пайдаланып, өзінің қай жылы туғанын қазақша жыл қайыру бойынша білгісі келгендер туған жылын 12-ге бөлуі керек. Қалдықсыз бөлінсе, ол мешін жылы болғаны, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса, тышқан жылы болғаны. Осылай тарқата беруге болады. 12 жыл уақыт мүшел деп аталады.
Мүшел жастың атаулары:
1 мүшел – 13 жас (ер жете бастауы)
2 мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)
3 мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату)
4 мүшел – 49 жас (орта жас)
5 мүшел – 61 жас (орта жас)
6 мүшел –73 жас (қарттық)
7 мүшел – 85 жас(кәрілік)
8 мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 мүшел –109 жас (шөпшек сүю)
10 мүшел –121 жас (немене сүю)