Әкеміз қайтыс болған. Біз ағам екеуміз мұрагер ретінде тіркелу үшін нотариусқа бардық. Нотариус әкеміздің бізден басқа да балалары болғандықтан, олардың мұрадан бас тартуы туралы өтініштерін қарап, жарты жыл ішінде мұрагерлік туралы куәлік беретінін айтты. Заң бойынша солай ма?
Алмат Есентаев, Астана қаласы
Заңгерлердің мәліметінше, ҚР Азаматтық кодексінің 1073-бабына сәйкес, мұрагерлік туралы куәлік мұрагерлікті тіркеуге өтініш берілген күннен алты ай мерзімде беріледі. Куәлік мұрагердің мұрагерлік құқықты тіркеу үшін өтініш берген мекенжайы бойынша дайындалады. Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша, мұрагерлік құқықты тіркеу туралы өтініш берген тұлғадан басқа да мұрадан үлесі бар азаматтар болған жағдайда куәлікті беру мерзімі бұдан ұзақ уақытқа созылуы да мүмкін.
Мұрагерлік құқық туралы куәлік қанша уақытта беріледі?
Последние статьи автора