Мұқағали қанша жасында үйленген?

Мұқағали қанша жасында үйленген?

Мұқағали қанша жасында үйленген? Естуімше, әйелінің жасы өзінен әлдеқайда үлкен көрінеді...
Айбек ЕРТУҒАН,
Үшарал қаласы, Алматы облысы
Еңбекке ерте араласқан Мұқағали 16 жасында ауылдық кеңесте хатшы болып жүрген кезінде 19 жас­тағы мұғалима қызға бір көргеннен ғашық бо­ла­ды. Атының Ләсима екенін естіп, сұлу бойжеткенге ол атты лайық көрмейді. Сөйтіп, «бүгіннен бастап бұл қыз­дың аты Лашын болады» деп ұйғарады. Екеуі ауыл сахнасында бірі – Қозы Көрпеш, бірі Баян сұлу рө­лін­де ойнай жүріп, танысады. Ләсиманың «Мен сенің әпкең боламын. Босқа әуре болма» де­геніне құлақ аспаған Мұқағали «Анам Нағиман әкем Сүлейменнен екі жас үлкен екен. Ол аз десең, әжем Тиын да атам Мақатайдан екі-үш жас үлкен болған. Бұл тұқым қуа­лаған кие енді маған қоныпты. Оны ұстанбасам жолым болмайды. Бізді Жаратқан Алла­ның өзі қосып тұр» деп, қоярда-қоймай көндіріп, үй­ленген.
Лашын Мұқағалимен 27 жыл отасып, ол дүние сал­ғаннан кейін 30 жыл өмір кешті. Жеке жинақтарын, таңдамалыларын айтпағанда, мүшелтой сайын жа­рық көрген 2, 3, 4 томдықтарын жаңа қол­жа­з­ба­ла­рымен толықтырып, құрастырып, Мұқағали шы­ғармаларының қа­лың оқырманға жетуіне зор үлес қосты. Мұқағалидың «Ғасыр ақыны» атанғаны мен Мемлекеттік сыйлық алғанының куәсі болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста