Мұқағали Мақатаевтың бір жылдары Қазақ радиосында диктор болғанын естіп едім. Оған себепкер болған Әнуарбек Байжанбаев көрінеді. Әйгілі диктордың ақиық ақынды радиоға қызметке тартуының сыры неде болды екен?
Мұрат САТЫБАЛДИЕВ, Талдықорған
Қазақ поэзиясының мұзбалағы 1957 жылы, шынымен де, Қазақ радиосына дикторлық қызметке тұрған. Мұқағалитанушылардың жазбаларына жүгінсек, ақынның бұл жұмысқа келуінің өзі қызық. Қарасаздағы бастауыш мектепте біраз жыл орыс тілінен сабақ береді. Кейіннен бұл жұмысын дипломы бар маман иемденеді де, ақын жұмыссыз қалады. Алматыға келіп, алғашында базарда сауда-саттықпен айналысады. Таулы жер, құнарлы қара топырақты Нарынқолдың картобын, ұнын сатады, өзбектерше айғайлап, өз өнімін қиыстырып мақтайды. Бір күні көкөніс алуға көкбазарға келген «қазақтың Левитаны» Әнуарбек Байжанбаев ерекше сазды дауысты естіп, таңдана тыңдап тұрып қалады. Дауыс иесін тауып, танысады. Оның ақын екенін, Мұқағали Мақатаев екенін біліп: «Мына дауысты саудагерлікке қор қылмай, радиоға кел» – деп, дереу жұмысқа шақырады. Мұқағали Мақатаев осылайша радиоға дикторлық қызметке тұрып, жемісті еңбек етеді.
Мұқағали қалай диктор болды?
Последние статьи автора