Мұқағали қалай диктор болды?

Мұқағали қалай диктор болды?

Мұқағали Мақатаевтың бір жылдары Қазақ радиосында диктор болғанын естіп едім. Оған себепкер болған Әнуарбек Байжанбаев көрінеді. Әйгілі диктордың ақиық ақынды радиоға қызметке тартуының сыры неде болды екен?
Мұрат САТЫБАЛДИЕВ,
Талдықорған 
Қазақ поэзиясының мұзбалағы 1957 жылы, шынымен де, Қазақ радиосына дик­тор­л­ық қызметке тұрған. Мұқағали­та­ну­­шы­лардың жазбаларына жүгінсек, ақынның бұл жұмысқа келуінің өзі қызық. Қарасаз­дағы бастауыш мектепте біраз жыл орыс тілінен сабақ береді. Кейіннен бұл жұмысын дипломы бар маман иемде­неді де, ақын жұмыссыз қалады. Алматыға келіп, алға­шын­да базарда сауда-саттық­пен айналы­сады. Таулы жер, құнарлы қара топырақты Нарынқолдың картобын, ұнын сатады, өзбек­терше айғайлап, өз өнімін қиыстырып мақтайды. Бір күні көк­өніс алуға көкбазарға келген «қазақтың Левитаны» Әнуарбек Байжанбаев ерекше сазды дауысты естіп, таңдана тыңдап тұрып қалады. Дауыс иесін тауып, таныса­ды. Оның ақын екенін, Мұқағали Мақа­таев екенін біліп: «Мына дауысты  сауда­герлікке қор қылмай, радиоға кел» – деп, дереу жұмысқа шақырады. Мұқа­ғали Мақатаев осылайша радиоға дикторлық қызметке тұрып, жемісті еңбек етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста