Қазақ эстрадасындағы «Мұнарлан» тобы жайында бiлгiм келедi. «Мұнарлан» сөзiнiң мағынасы қандай және не себептi топтың атауы ретiнде таңдалған?
Әлия НҰРКЕНОВА
«Мұнарлан» тобы 2003 жылы құрылған. Топ мүшелерi — Жасұлан Дәрiбаев, Бағлан Жолдасов, Жандос Әуесов, Дәулет Сүлейменов. Олар «Аппақ қар», «Ұялы телефон» т.б. әндерiмен тыңдарманға танылды. «Мұнар» сөзi таудың шыңы, биiкке ұмтылу, мұнарлану деген мағынаны бiлдiредi. Бұл атауды таңдау идеясын ең алғаш топтың мүшесi Жасұлан Дәрiбаев ұсынған. Кейiн топ мүшелерi жастардың сүйiктi әншiсiне айналған Еркiн Нұржановпен ақылдаса келiп, «Мұнарлан» атауына тоқталды.
«Мұнарлан» деген не?
Последние статьи автора