Қарыз алу - жалпы айтқанда материалдық көмек болып табылады. Мұқтаж кезде қарыз алуға болғанымен, халық арасындағы тараған ырмдарға сүйенсек, мүлдем қарызға алуға болмайтын заттар бар екен деп жазады Рамблерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Нанымдарға сенсек, өзгенің киімін кию арқылы сол адамның ауытрпашылықтарын өзіңізге алуыңыз мүмкін. Егер өзгенің киімін міндетті түрде кию керек болса, онда оны киер алдында салқын тұзды суға жуып алу керек. Осылайша, киімдегі жаман энергиядан арылуға болады.
Әшекей
Адам энергетикасы әшекей арқылы да жұғысады екен. Сондықтан өзіңіздің сүйікті сырға, жүзік, алқаларыңызды бөтен адамға беруге болмайды. Егер бұйымдар тастан жасалса, мүлдем бермеңіз.
Ыдыс
Басқа адамдар қолданған ыдыстарды да пайдаланудың қажеті жоқ. Тәрелке, кесе және тағы басқа ыдыстар бұрынғы қолданушыларының энергетикасын жақсы сақтайды. Ол үйдің атмосферасы қандай болғанын сіз білмейсіз ғой...
Тұз
Бұл тамаққа қосылатын дәмдеуіш ежелден бері адам тағдырына әсер ететін қасиетке ие. Біреуден тұз алып, өзіңізе ауру немесе жақындарыңызбен ұрыс табуыңыз мүмкін.