Мүгедектік жәрдемақы мен зейнетақы қоса төлене ме?

Менің анам Казгидрометте техник-радиооператор болып жұмыс істеп жүріп, 1989 жылы мүгедектікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған. Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл. Осы жылдың соңында 58 жасқа толады. Осы орайда менің білгім келгені, зейнеткерлікке шыққанда, қазіргі алып отырған жәрдемақысына қосымша ақы қосыла ма? Оған зейнетақы қалай тағайындалады?
Әлия,
Алматы облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, «Қазақ­стан Республикасында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 9-ба­бына сәйкес, әйелдерге 58 жаста жасына байла­нысты зейнет­керлікке шығу құқығы көзделген. Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда қарастырылған.
Занның 13-бабына сәйкес, еңбек кiтап­шасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растай­тын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады. Заңның 9 – бабы, 6 – тармағына сәй­кес, толық емес көлем­дегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері ҚР заңдарын­да белгіленген тәртіппен толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаң­тарда болған еңбек өтіліне пара-пар үлес ретінде есептеу қаралған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылу жағдайы бойын­ша және жасына байланысты базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, егер Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшерінен кем болса, жәр­демақы төлеу зейнетақы төлемдеріне мүге­дектердің сол санаты үшін белгіленген жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілген тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста