Осы мекемеде жұмыс істеп жүргеніме 5 жыл болды.
Ардақ Мейіржанов, Шығыс Қазақстан облысы
Заңгер мамандардың айтуына қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің 227-бабына сәйкес мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі. Кодекстің 228-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша, жұмыс жылының басқа уақытында беріледі. Кодекстің 103-бабымен (3-т.) екі жыл бойынан қызметкерге еңбек демалысының берілмеуіне тыйым салынған. Осыған байланысты, егер кодекске қайшы келіп, қызметкерге мүгедектігіне байланысты демалыс берілмеген болса, оны бермеу себептеріне қарамастан жұмыс беруші қызметкерге дер кезінде берілмеген барлық демалыстарды беруге тиісті. Бұл талап орындалмаған жағдайда сізге тұрғылықты жеріңіздегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне шағымдану қажет.