Мен І топтағы мүгедекпін. Жыл сайын мемлекет тарапынан уақтылы гигиеналық жабдықтар алып тұратынмын. Өкінішке қарай, биыл жарты жылдан асты, үшкіл жаялықтарды (подгузник) дәріханадан сатып алуға мәжбүр болып отырмын. Бір қорабының бағасы – 5500 теңге. Оның өзі 7-8 күнге ғана жетеді. 24 400 теңге зейнетақым мұндай шығынды мүлдем көтере алмайды. Мүгедектерге мемлекет тарапынан тегін жаялықтар қарастырылған ба?
Ажар ЕРМЕКҚЫЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету медициналық көрсетімдер бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Аталған қаулыға сәйкес, табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға белгіленген мөлшерде берiледі. Сондықтан міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен жүргізіледі.
Мүгедектерге тегін гигиеналық жабдықтар қарастырылған ба?
Последние статьи автора