Менің қызым туа бітті І топ мүгедегі. Басқа адамның көмегінсіз өз бетімен жүріп-тұрып, тамақ іше алмайды. Сондықтан мен жұмыс істемей қызымды бағып-күтіп отырмын. Қазір жасы 22-де. Мүгедектік бойынша жәрдемақы аламыз. Осы орайда менің білгім келгені, мүгедектерге және оның күтушісіне мемлекеттен әлеуметтік көмек қарастырылған ба?
Нұрғаным ТӨЛЕГЕНОВА, Шығыс Қазақстан облысы
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына сәйкес, мүгедектерге және мүгедек-балаларға медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде жергілікті жердің бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген. Осыған байланысты, санаторлық-курорттық жолдамалар беру, коммуналдық төлемдер қызметтерін көрсету және мерекелік күндер шеңберінде концерттік бағдарламаларға шақыру, сонымен қатар материалдық көмек көрсету жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.
Мүгедектерге қандай әлеуметтік көмек беріледі?
Последние статьи автора