Мүгедектерге арналған қандай жәрдемақылар, әлеуметтік, медициналық көмектер бар?

Мүгедектерге арналған қандай жәрдемақылар, әлеуметтік, медициналық көмектер бар?

Үш баламыз бар. Бес жасар қызымыз – ІІ топ мүгедегі. Әйелім сол қызымызға қарап, жұмысқа шыға алмай отыр. Осы орайда біздің білгіміз келгені, мүгедектерге арналған қандай жәрдемақылар, әлеуметтік, медициналық көмектер бар? Ол жайлы қай заңдарда көрсетілген?
Жайлаубаевтар,
Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респу­б­ли­касында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына бай­ланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәр­де­ма­қылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес, мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәр­демақы мүгедектік тобы мен себебіне байланысты тағайындалып төленеді. Сонымен қатар мүге­дек­терге «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мем­лекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуі­р­­­дегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәр­де­мақы төленеді. Егер сіздің қызыңыз мүгедек деп танылса, аталған төлемдерді алу үшін тұрғы­лық­ты жеріңіз бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына хабарласуыңыз қажет. ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ Заңына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға үміткер бола алады. Сондай-ақ ҚР «Мемлекеттік атау­лы әлеу­мет­­тік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шіл­дедегі № 246 Заңы негізінде отбасының жан басы­на шақ­қандағы орташа айлық табысы облыста белгі­ленген кедейлік шегінен төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқы­лы. Осы аталған мәселелер бойынша сіз тұрғы­лықты жеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен хабарласуы­ңыз керек. Бұған қоса облыс, қала және аудан әкімдері өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты есебінен азамат­тардың жекелеген санаттарына, оның ішінде аз қамтылған отбасы­ларына, мүгедек­терге материалдық және әлеуметтік қолдау көрсету­ге құқылы. Бұл мәселе бойынша жергілікті әкім­дік­пен хабарласуыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста