Менің бір туысымның баласы туғаннан І топтағы мүгедек, екі аяғын баса алмайды. Сондықтан баланы күтіп, анасы жұмыс істей алмай отыр. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен анасы тұрақты күтуші болып тағайындала ала ма? Тағайындалатын болса, мүгедек баланы күткені үшін қанша ақы төленеді?
Дария КҮМІСХАНОВА, Қызылорда облысы
Заңға сәйкес, медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді. Мүгедектік тағайындалған жағдайда жәрдемақы көлемі қарастырылады. Сонымен қатар қазіргі таңда мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдауды дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында 2010 жылдан бастап оларды өсірген анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде мүгедек балаға берілетін жәрдемақының жаңа түрі көзделді және осы жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжаттардың тізбесі белгіленді. Төменгі айлық жалақысы 2010 жылы 14952 теңге болып белгіленді. Облыс, қала және аудан әкімдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде бірінші, екінші топтағы мүгедектерге материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы.
Мүгедек баланы күткені үшін қанша ақы төленеді?
Последние статьи автора