Арал экологиялық апатты аймағындағы бюджеттік мекемелердің жалақысына пайыздық коэффициент төленетіні белгілі. Мен 1,5 ставкамен мұғалім болып жұмыс істеймін. Маған коэффициент тек 18 сағатқа, яғни бір ставкаға төлене ме, әлде 1,5 ставкаға ма?
Айдана Әлібекова, Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметіне сүйенер болсақ, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Ќазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – заң) 13-бабына сай, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
– экологиялық апат аймағы бойынша – 1,5;
– экологиялық дағдарыс аймағы бойынша – 1,3;
– экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша 1,2 коэффициентті қолдана отырып, еңбекақы, стипендия төлеу белгіленеді.
Осы коэффициенттер қызметкердің лауазымдық жалақысына қолданылады.
Мысалы, егер қызметкер 1,5 ставкаға жұмыс істесе, белгіленген қосымша ақы сол 1,5 ставкаға төленуі тиіс.
Мұғалімдерге коэффициент бір ставкаға ғана төлене ме?
Последние статьи автора