Мен мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Қазір ақылы демалысым аяқталып қалды. 10 тамыздан бастап жұмысқа шығамын. Менің білейін дегенім, сабақ уақытында мұғалімдерге ұзақ уақыттық еңбекақысы сақталмайтын демалыс беріле ме?
Гүлайша Кемерханова, Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы сарапшысының айтуынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес, еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады.
Жұмыс берушi:
1) неке тiркелген;
2) бала туылған;
3) жақын туыстары қайтыс болған;
4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
Мұғалімдерге еңбекақысы сақталмайтын демалыс беріле ме?
Последние статьи автора