Маған бір жыл бұрын бір құрбым елімізде құйылған «Золотой барс» атты инвестициялық монетаны сыйға тартқан еді. Оны қай жерге өткізуге болады?
Гүлжан, алматылық
Біздің елімізде монеталар шығарумен тек Ұлттық банк айналысады. Ол бір рет әрі белгілі бір мөлшерде шығарылады. Сондықтан оны мұраға қалдыруға немесе сатуға болады. Мұндай монетаны банктің өзі де қабылдайды.
ҚР Ұлттық банкінің 2005 жылдың 12 желтоқсанындағы №163 қаулысына сәйкес, Ұлттық банктің инвестициялық монеталарын сатып алу мынадай тәртіп бойынша жүргізіледі:
– бағалы металдан тұратын инвестициялық монетаны қабылдаушы – Ұлттық банктің кассирі монетаны сатып алу жөнінде екі нұсқадан тұратын акт жасайды, сөйтіп, біреуін монетаны тапсырушыға береді;
– одан кейін қабылданған монета сараптамаға жіберіледі (бағалы металдың салмағы қанша, белгісі қандай деген секілді);
– монета құрамын сараптама нақтылаған соң, оны қабылдаған күннен бергі 30 күн ішінде бағалы металдың салмағына қарай иесіне ақысы төленеді. Бұл арада инвестициялық монетаны сатып алу бағамы оны өткізген күнгі Лондон биржасындағы алтынның бағасына және Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында тіркелген теңгенің шетелдік валютаға шаққандағы курсына сәйкес есептелетінін ескерте кетелік.
Монетаны мұраға қалдыруға немесе сатуға болады
Последние статьи автора