Монархияның үш түрі бар
Осы мемлекеттік басқарудың монархиялық түрі туралы толығырақ білгім келеді. Монархиялық басқарудың қанша түрі бар және өзара ерекшеліктері қандай?
Марлен Қуанбай, Талғар
Монархияның абсолюттік, дуалистік және конституциялық түрі бар. Абсолюттік монархияға Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады. Абсолюттік монархияның белгілері: монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген; Парламент жоқ немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.
Сондай-ақ конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады. Конституциялық монархияның белгілері: Конституция монарх билігін шектейді; монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ; үкімет монарх алдында жауапты емес.
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис. Дуалистік монархия белгілері: билік монарх пен парламент арасында бөлінген; монарх үкіметті тағайындайды; монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.